Чемпиондар лигасы аясында «Ливерпуль» плей-оффқа өтті

Ливерпуль плей-оффқа өтті. Футболдан Чемпиондар лигасының кезекті туры аясында британдық клуб өз алаңында испандық «Атлетиконы» қабылдаған. Матч 2:0 есебмен аяқталды. Алдымен 13-минутта Диогу Жота мүмкіндікті мүлт жібермеді. Ал 21-минутта оның командаласы Садио Мане таблодағы көрсеткішті еселеді.

Осылайша Ливерпуль 4 ойында 12 ұпай жинап, уақытынан бұрын плей-оффқа шықты. Ал мадридттік клуб үшінші сатыда.

«В» тобындағы қалған екі команда, яғни, Милан мен Порту Италияда өзара мықтыны анықтады. Алғашқы гол 6-шы минутта соғылды. Қонақтар сапынан Луис Диас мергендігімен көзге түсті. Ал, 61-минутта оның командаласы Шансель Мбемба автогол авторы атанып, таразы басын теңестірді. Осылайша Порту 5 ұпаймен өз тобының 2-сатысына жайғасты. Ал Милан әзірге ең соңында тұр.

Ал «А» тобының үздігі ПСЖ Лейпцигпен тең түсті. Германияда өткен матчта алаң иелері есеп ашты. 8-минутта жартылай қорғаушы Кристофер Нкунку гол соқты. Артынша есепті еселейтін мүмкіндік болған. Бірақ оның командаласы Адриен Силва 11 метрлік айып добын сәтті орындай алмады. ПСЖ сапынан Джорджиньо Вейналдум қос гол соқты. Ең соңғы минутта Доминик Собослаи таразы басын теңестіріп үлгерді. Қорытынды есеп: 2:2. 4 турдан кейін ПСЖ 8 ұпаймен өз тобының 2-сатысына жайғасты. Лейпциг 1 ұпаймен ең соңында тұр.