Англияда қазақстандық боксшыға қастандық жасалды

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Коточиговке Саутгемптонда өтетін жекпе-жекке дайындық кезінде шабуыл жасаған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының айтуынша, белгісіз біреулер оның бөлмесіне басып кіріп, үстіне белгісіз химия шашқан, кейін ол бірнеше күн ауруханада жатуға мәжбүр болған. Жекпе-жек 11 желтоқсанға жоспарланған еді.

«Англиядағы оқу-жаттығу жиыны сәтсіз болды. Қысқаша айтсам: 11 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін Англияға ұшып келдім. Бөлме жалдап, жаттығуды бастадым. Төрт күн өтті. Бірде бөлмеде ұйықтап жатқанымда есік сыртынан дыбыс естілді. Біреу құлыпты ашуға тырысып жатты. Мен атып тұрып пышақ алмақ болдым, бірақ ас үйде шанышқы мен қасықтан басқа ештеңе болмады. Есік ашылды да бірнеше адам кіріп келді. Ойланбастан төбелеске дайындалып тұрғанымда олар маған қышқылға ұқсас сұйықтық шашып жіберді. Мен денем ауырғандықтан еңкейіп қалдым, ал олар тез шығып кетті. Бірінші жаттықтырушыны шақырдым. Ол түнде келіп, мені ауруханаға апарды, қамқорлық жасады, сол үшін оған мың алғыс!

Бірнеше күн ауруханада дәрігерлер бақылауында болдым. Ешкіммен жанжалдаспадым, кімге керек болғанын білмеймін. Бір түсінгенім, жаттығу жиындарына сенімді жерлерге бару керек екен», – деп жазды Коточигов Instagram-дағы парақшасында.