Франция құрамасының бас бапкері Қазақстан мен Финляндияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады

Дидье Дешам Франция құрамасының Қазақстан мен Финляндияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тосынсыйлар тек қақпашылар қатарында, бірақ бұл Майк Меньянның жарақаты мен Стив Манданданың негізгі орынды жоғалтуына байланысты.