434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Шахтер» стадионында ойындар өткізуге тыйым салынды

  • 84
  • UPD: 22:42, 04.11.2021
«Шахтер» стадионында ойындар өткізуге тыйым салынды

Қазақстанның футбол федерациясының алаңдарды тексеру комиссиясының шешімімен Қазақстан кубогінің жартылай финалындағы «Шахтер» – «Тобыл» ойынын Қарағанды қаласындағы «кеншілердің» стадионында өткізуге тыйым салынды, деп хабарайлады Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы.

«Шахтер» стадионында жасанды алаңның жылыту жүйесі толық жұмыс істемейді. Сонымен қатар, алаңның түйіршіктерінің көлемі талапқа сай келмейтіні анықталды, аталмыш факторлар соққының амортизациясы мен доптың серпілісіне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты, сонымен қатар, футбол алаңының қатуы мен жылыту жүйесінің әлсіз жұмысын ескере отырып, комиссия Қарағандыдағы «Шахтер» стадионы матчтарды өткізуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді және ойыншылардың жарақат алу қаупі бар деген қорытынды шығарды.

Комиссияның шешімі бойынша «Шахтер» – «Тобыл» ойыны басқа стадионда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы