Дидье Дешам: Қазақстан құрамасына құрметпен қараймыз

Дидье Дешам: Қазақстан құрамасына құрметпен қараймыз

Футболдан әлем кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Францияның ұлттық командасымен ойнайды.

Бас бапкер ойыншылар тізімін жариялады. Париждегі матч 13 қарашада өтеді. Бірінші кезеңде біздің команда француздарды өз алаңында қабылдап, 0:2 есебімен есе жіберген болатын. «Д» тобындағы соңғы кездесу нәтижесі бойынша француз бірінші, біздің құрама соңғы орында тұр. Ойынға Килиан Мбаппе, Поль ПогбА, Антуан Гризманн және басқа жұлдыздар қатысады.

Дидье Дешам, Франция футбол құрамасының бас бапкері:

– Қалай болғанда да біз бұл ойынға асқан жауапкершілікпен және соңғы минуттарда таңқалдыра алатын Қазақстан командасына құрметпен қараймыз. Біз үшін сәтті аяықталған алдыңғы матч бастан-аяқ есімде. Алдағы кездесу де оңай болмайтынын білем. Біздің мақсатымыз - әлем кубогының іріктеуінен өту.