Қола жүлде. Жүсіповтің жеңілісі күдік тудырды

Ұлттық құраманың капитаны жартылай финалда жапониялық Севонрец Оказавамен жолыққан.

Жекпе-жектен кейін төреші жапон боксшысының қолын көтерді. Бұл нәтиже отандық делегацияның көңілін көншітпеді және бірден осыған қатысты шағым түсірді. Ұйымдастырушы тарап оны қарады. Бірақ шешімді өзгертпеді. Осылайша Абылайхан Жүсіпов финалға шыға алмай, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Абылайхан осымен үшінші мәрте әлемдік аламанның қола жүлдесін иемденді. 2017 және 2019 жылы да үздік үштікті түйіндеп еді.