434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Қайрат» «Қарабахтан» жеңілді

  • 112
  • UPD: 10:50, 05.11.2021
«Қайрат» «Қарабахтан» жеңілді RAST.kz

Конференциялар лигасы аясында қос команда Алматы қаласында жолықты.

Матч аса тартысты басталды және алаң иелерінің есеп ашар мүмкіндіктері болған. Бірақ барлығын мүлт жіберді. Ең бірінші голды 58-інші минутта Қарабах сапындағы Ибраима Ваджи соқты. Араға 10 минут салып Хосе Канте таразы басын теңестірді. Бірақ қазақстандық клубтың қуанышы көпке созылмады. 72 минутта Абделла Зубир мергендігімен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Қортынды есеп 1:2.

Айта кетейік, қос команда арасындағы алғашқы мачта да осындай нәтиже тіркелген. Осылайша екі ойында да әзірбайжандық клуб басым түсті және соның арқасында Н тобының көшін бастап тұр. Ал Қайрат бір ұпаймен ең соңғы сатыға жайғасты. Топтық кезеңнің аяқталуына аз қалды. Енді Қайрат 25-ші қарашада Базельді қабылдайды. Ал Қарабах Омониямен кездеседі.

ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДЫҚ

Бейжің олимпиадасына тура 3 ай қалды. Осыған байланысты ұлттық құрама лицензиялық турнирлерге дайындықты жалғастырып жатыр. Қос әлем кубогына қатысқан шорт-трек шеберлері қайтадан елордаға оралып, кезекті жаттығу жинынына кірісті. Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер 13 қарашаға дейін шеберліктерін шыңдайды. Кейін Еуропаға аттанып, Голландия мен Мажарстандағы бәсекелерге қатысады. Соның нәтижесінде олимпиада жолдамалдары таратылмақ. Ұлттық құрама бұл жолы 10 лицензия алуды көздейді. Бейжің олимпиадасының өзі 4 ақпанда басталады. Оған 95 елден төрт мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы