Чемпиондар лигасының алдағы маусымына «Биік-Шымкент» пен «Томирис-Тұран» қатысады

Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 2022/23 маусымына арналған күнтізбе жарияланды.

Еуропаның элиталық турнирінде еліміздің намысын екі команда қорғайды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Еуропа ұлттық қауымдастықтарының әйелдер футболы рейтингінде Қазақстан тоғызыншы орында тұр. Соның арқасында Еуропаның элиталық турнирінде еліміздің намысын екі команда қорғайды: Қазақстан чемпионы – шымкенттік «БИІК» және чемпионаттың күміс жүлдегері – түркістандық «Томирис-Тұран».

Естеріңізге сала кетейік, 2021/22 маусымынан бастап әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы жаңа форматта ойнатылады. Командалар алғашқы турдан бастап Чемпиондар жолы мен Лига жолында бірнеше топқа бөлінеді.

Екі жолдың да іріктеу кезеңі бірдей. Бірінші кезеңде командалар шағын турнирлер форматында жарысады, оның жеңімпаздары топтан шығады. Екінші айналымда командалар жұптасып, бір-бірімен үйде және сыртта ойнайды.

Айта кетейік, қазақстандық екі команда да жарысқа алғашқы турдан бастап қатысады.

Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар-2022/23 лигасының күнтізбесі:

Алдын ала кезең: 27/28 шілде 2022 жыл және 3/4 тамыз 2022 жыл

Бірінші кезең (шағын турнир): 2022 жылдың 18 тамызы (жартылай финал) және 2022 жылдың 21 тамызы (финал және 3 орын үшін матч)

Екінші тур: 20/21 қыркүйек 2022 жыл және 28/29 қыркүйек 2022 жыл

Топтық кезең (1-тур): 19/20 қазан, 2022 жыл

Топтық кезең (2-тур): 26/27 қазан 2022 жыл

Топтық кезең (3-тур): 23/24 қараша 2022 жыл

Топтық кезең (4-тур): 7/8 желтоқсан, 2022 жыл

Топтық кезең (5-тур): 15/16 желтоқсан 2022 жыл

Топтық кезең (6 тур): 21/22 желтоқсан 2022 жыл

Ширек финал: 22/22 наурыз 2023 жыл және 29/30 наурыз 2023 жыл

Жартылай финал: 22/23 сәуір 2023 жыл және 29/30 сәуір 2023 жыл

Финал (PSV стадионы, Эйндховен, Нидерланд): 2023 жылдың 3 немесе 4 маусымы.