Петропавлдық қариялар каратэмен шұғылдануды өмір салтына айналдырды

Тәні саудың – жаны сау. Петропавлда зейнеткерлер салауатты өмір салтын ұстанып, көпшілікке үлгі болып жатыр. Спортты жанына серік еткен қариялар киокушинкай каратэның қыр-сырын меңгеріп, кез келген тапсырманы орындайды. Тіпті олардың кейбірі ай соңында республикалық жарысқа қатысып, бақ сынап көрмекші.

Шыныққан шымыр болады. Қара терге түсіп жаттығу жасап жатқан Борис Самусев. Каратэ залына алғаш келгенде оның салмағы 100 келідей болған. 70 жасқа таяған ол, қазір өзін сергек сезінеді.

Борис Самусев, зейнеткер:

- 20 жастағы жігіттей сезініп тұрмын, өзімді. 30 келі тастадым. Білекте күшім бар. Туған-туыстарыма әлі қорған бола аламын. 40 жыл мұғалім болып жұмыс істедім. Әрине ол кезде менде бос уақыт болмады. Сондықтан спортқа кеш келдім.

- Дяденька, а вы можете голой рукой стенку пробить?

- Могу, даже одним пальцом.

Жаттығуға 8 азамат тұрақты түрде қатысады. Барлығының күш-қуаты бойында. Олар зейнет жасына жетіп киокушинкай каратэнің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Кез-келген тапсырманы орындайды.

Валентина Шапорева, зейнеткер:

- Жаттықтырушы жасым 67-де болса да соққым қатты екенін айтады. Үйде немереммен спарринг жасаймын. Бастысы, оны жеңіп тастаймын. Себебі бұл спорттың әдіс-тәсілдерін үйреніп алдым. 

Бұл жандардың барлығы түрлі сырқатқа шалдыққандар. Бірақ денсаулықтарын дәрімен емес, спорттың арқасына жақсартуда.

Людмила Бутенко, жаттықтырушы:

- Әрқайсысымен жеке-жеке айналысамын. Өйткені алғашында ешкімнің икемі болмады. Бірақ қазіргі нәтижелері жаман емес. Алдарына ойған мақсаттарына жетуде. 

Бірнеше қария ай соңында республикалық ашық турнирге қатысады. Ал қалғандары сары белбеу алу үшін аттестациядан өтеді. 

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов