Хави «Барселонаның» бас бапкері болып тағайындалды

«Аль-Садд» клубы Хавиді Испанияның «Барселонасына» жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24» Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Клуб басшылығы Хавиді «Барселона» тізгінін ұстауға рұқсатын берді. Болашақта испаниялық командамен бірлесіп қарым-қатынас жасау туралы келіссөздер жүргізілді. Хави – «Аль-Саддтың» айнымас бөлшегіне айналды. Біз оған алдағы уақытта жарқын жеңістер тілейміз», – делінген клуб сайтында.

Еске салайық, Хави 1998-2015 жылдары каталондықтардың басты командасында 505 матча алаңға шығып, 58 гол соққан. Осы уақыт аралығында ол Испанияның 8 дүркін және Чемпиондар Лигасының 4 дүркін чемпионы атанды

Сондай-ақ...