Қазақстандық ММА тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы чемпион атағы сарапқа салынады

Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі алдағы OCTAGON 25 турнирінің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, 14 қарашада Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтетін турнирде қазақстандық спортшы Анастасия Дюжикова (4-0) отандасы Максуда Джаппаровамен (5-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса жеңіл салмақта (56,7 келі) OCTAGON лигасының чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Кештің тағы бір негізгі жекпе-жегінде өзбекстандық файтер Машрабжон Рузибоев (11-3-1) өнер көрсетеді. Боксшының қарсыласы Украинадан келген тәжірибелі файтер Константин Линник (27-20) болады.

Басты кардтың үшінші жекпе-жегінде танымал қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (2-0) өнер көрсетеді. 25 жастағы боксшының қарсыласы өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиев (2-2) болмақ.

Бұдан басқа, бас кардта қазақстандық тәжірибелі файтер Руслан Серікқұлов (16-12) өнер көрсетеді, ол Қырғызстаннан келген файтер Шермурат Калиловпен (2-0) кездеседі.