«Канело» орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды

Бүгін Лас-Вегаста WBA Super, WBC, WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес пен IBF чемпионы Калеб Плант кездесті, деп жазады Prosports.kz.  

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жекті «Канело» аяғына дейін жеткізбеді. Он бірінші раундта мексикалық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді. 

Осылайша, Альварес WBC, WBA (Super) және WBO титулдарына америкалық IBF белбеуін қосты. 

Калеб Плант мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.