Денис Никиша қазан айының үздік спортшысы атанды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында қазан айының үздік спортшысын анықтауға арналған сауалнама аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үздік атануға жалпы есебі жеті спортшы үміткер болды. Олар: Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов (шорт-трек), Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі), Жәмиля Бақбергенова (әйелдер күресі), Софья Берульцева, Мөлдір Жаңбырбай, Қайсар Алпысбай (каратэ). 

Дауыс беру нәтижесі бойынша шорт-тректен Қазақстан командасының өкілі Денис Никиша топ жарды. 

Дауыс беру 7 қараша күні 12:00-де тоқтады. Денис 73,45 пайызбен көш бастады. Оның ізін ала Жәмиля Бақбергенова мен Алмат Кебіспаев орналасқан.

Жанкүйерлердің таңдауынан бөлек, Olympic.kz барлық спортшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда табыс тілейді.