Қазақстан футболының тарихында алғаш рет VAR жүйесі қолданылды

VAR жүйесі OLIMPBET-Қазақстан Кубогының жартылай финалдық ойыны «Шахтер»– «Тобыл» кезінде жұмыс істеді.

Соғылған голдардың бірінде VAR төрешісі Александр Затула ойынның бас төрешісі Игорь Чесноковты жүйенің көмегіне жүгінуге ұсыныс жасады, бас төреші голдың дұрыс соғылғанын видео қайратау арқылы тексерді.