AIBA президенті Қазақстанға келеді

Халықаралық әуесқойлар боксшылар қауымдастығының (AIBA) президенті Умар Кремлев Әлем чемпионатынан кейін Қазақстанға келеді, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

«Бокстан Белградта өткен Әлем чемпионаты аясында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев AIBA президенті Умар Кремлёвпен кездесті. Кездесу достық пейілде өрбіді.

Әңгіме барысында қос тарап басшылары қазақстандық және әлемдік бокстың дамуы жөнінде пікір алмасты. Келісімдер нәтижесінде AIBA Президенті Умар Назарұлы Қазақстанға арнайы келуге келісті. Құрметті қонақтың келуі ағымдағы жылдың қараша айында деп күтілуде», — делінген ҚБФ жазбасында.