Әлем чемпионаты: Асыл Айтақын қола жүлдеге таласады

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Өкінішке қарай, қазақстандық балуандарда әзірге медаль жоқ деп хабарлайды Olympic.kz. 

61 келіде ел намысын қорғаған Асыл Айтақын турнирдің қола жүлдесіне таласады. Ол молдовалық Вадим Берегой мен украиналық Камиль Керымовты жеңіп, жартылай финалда армениялық Арсен Арутюняннан ұтылып қалды. 

Қола медаль үшін өтетін белдесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. 

Сондай-ақ 74 келіде сынға түскен Нұрғожа Қайпанов жүлдеден қағылды. Ол алдымен Беларусь өкілі Давуд Ализалауды 8:0 есебімен ұтқан болатын. 

Алайда, 1/8 айналымда армениялық Грайр Алиханянмен тең түсіп, әдіс сапасы бойынша қарсыласқа жол берді. 

Сондай-ақ...