430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Боксшыларымыз елге оралды

  • 127
  • UPD: 12:21, 08.11.2021

Қазақстандық боксшылар жеткен жетістікке тоқмейілсімейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қателіктермен жұмыс жасап, шеберлікті одан сайын шыңдауға тырысады. Ұлттық құраманың жігіттері осындай пікір білдірді. Олар бүгін түнде елге оралды. Оларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Қайрат Сәтжанов баптайтын жігіттер әлем чемпионатында 5 медал жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов алтын, Серік Теміржанов пен Махмұт Сабырхан күміс және команда капитаны Абылай Жүсіпов қолда жүлдегер атанды. Соның арқасында жалпы есепте 2 орынға жайғасты. Бірінші орында Куба болса, үздік үштікті АҚШ құрамасы түйіндеді. Енді жігіттер сәл тынығып, қайтадан алдағы құрлықтық және әлемдік додараға дайындықты бастайды.

 

Хабар 24 телеарнасы