WTA рейтингі: Рыбакина екі сатыға жоғарылады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина 16-орыннан 14-орынға көтерілді. Оның еншісінде 2855 ұпайы бар.

Рейтингте бірінші орында австралиялық Эшли Барти (7582) жайғасқан. Екінші орынды белорус Арина Сабаленка (6130), үшінші орынды чехиялық Барбара Крейчикова (4708) иеленді.