Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

Елдегі ең үздік ауыр атлеттер Талдықорғанға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы жарыс күндерінің қортындысы бойынша жеңіл салмақта Арли Чонтей, орта салмақтарда Алексей Дроздов пен Ақмолда Сайрамкез топ жарды. Ал әйелдер арасында Юлия Потасова, Әйгерім Әуелбек, Гүлнұр Ыбырайлар алда келеді. 

«ФРАНЦИЯ» - «ҚАЗАҚСТАН» МАТЧЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Бірер күннен кейін Қазақстан футболшылары Франция құрамасымен кездеседі. Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы матч Парижде өтеді. Осыған байланысты Талғат Байсуфинов баптайтын  жігіттер жаттығу жиынын бастады. Құрама сапында бірқатар өзгеріс бар. Өкінішке қарай, ойынға ұлттық құрама үздіктері Георгий Жуков, Бахтияр Зайнутдинов және Ян Вороговскийлер қатыспайды. Мәселен, жартылай қорғаушы Жуков жарақатына байланысты келмеді. Ал Вороговскийдің орнына «Тобыл» қорғаушысы Бағдат Қайыров шақыртылды. Ұлттық құраманың жігіттері Нұр-Сұлтан қаласында дайындықты пысқытап, 11 қараша күні Кәрі Құрлыққа аттанады. Франция-Қазақстан матч 13 қарашада болады. Одан кейін 16 қараша күні қазақстандық футболшылар өз алаңында Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

РЫБАКИНА РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

Рыбакина рекорд жаңартты. Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтинг жариялады. Сол тізімде қазақстандық теннисші 14 орында тұр. Оның еншісінде 2855 ұпай бар. Яғни Рыбакина әлемнің үздік 15 теннисшісі қатарына қосылды деген сөз.

Айта кету керек, қазақстандық теннисшілер бұндай жетістікке алғаш рет жетті. Бұған дейінгі ең тәуір көрсеткіш 16 орын болатын. Ұлттық құраманың басқа мүшелері, яғни Юлия Путинцева тізімде екі саты жоғарылап, 42 орынға жайғасты. Ал Зарина Дияс алдыңғы жүздікке оралды. Қазір ол 98-ші тұр. Жаңартылған рейтингтің көш басына австралиялық Эшли Барти шықты. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко болса, чехиялық Барбора Крейчикова  үздік үштікті түйіндеді.

ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

«Арлан» есе жіберді. Ел чемпионатының үздігі турнир тізімінің соңғы сатыларында тұрған «Горняктан» жеңілді. Ішкі біріншілік аясында қос команда Көкшетауда кездескен. Қонақтар матч басынан басымдықты қолдарына алып, 51 минутта есеп ашты. Голдың авторы – Данил Москалев. Артынша оның командаластары есепті еселеп, екінші кезеңде 3:0 нәтижесін тіркеді. Алаң иелері сапынан Никита Лукин қос шайба соғып есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ ойын соңына дейін таразы басын теңестіре алмады. Керісінше Горняк қарнын күшейтіп, қортынды есепті 2:7-ге жеткізді. Осылайша Рудный қаласының клубы турнир тізімінің 9 сатысына көтерілді. Ал «Арлан» топ басындағы орнын сақтап қалды. Бірақ оны «Бейбарыс» пен «Торпедо» қуып жетуі мүмкін. Өйткені олар 1 матч кем өткізді. Негізгі чемпионат ақпанның соңына дейін жалғасады. Одан кейін «плей-офф» кезеңі бар. Ел біріншілігінің жалпы қортыдынысы сәуір айында белгілі болады.