Жан Кособуцкий Германияда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (16-0) келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

BoxRec.com мәліметінше, жекпе-жек 20 қарашада Германияда өтеді. Жан Кособуцкий Доминикан Республикасының өкілі Бенджамин Гарсияға қарсы жұдырықтасады. Бәске WBC International Silver белбеуі тігіледі.

Өткен жекпе-жегінде Кособуцкий америкалық Джой Давейконы нокаутқа түсірді.