Ауыр атлетика: ел чемпионатын ұту әлем чемпионатында жеңуден қиындап кетті

Ел чемпионатын ұту әлем чемпионатын ұтудан да қиын. 

Бұған Талдықорғанда өтіп жатқан ішкі біріншілік дәлел. Жарыстың үшінші күні керемет бәсеке болып, күтпеген нәтиже тіркелді. Жасөспірімер арасындағы әлем чемпионы және әлем рекордының иегері Сайхан Тайсуев ел чемпионатында топ жара алмады. Тайсуевтың алдын 16 жастағы Денис Полубояринов орап кетті. Қостанай өкілі қоссайыс қорытындысы бойынша 318 келі көтеріп, ел чемпионы атанды. Ал Сайхан Тайсуев 309 келіні ғана бағындырып, екінші орыға тұрақтады. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысынан келген Владимир Васильев түйіндеді. Бұған қоса жарыстың үшінші күні әйелдер арасында 64 және 71 келіге дейінгілердің бәсекесі болды. Сәйкесінше алғашқысында тағы бір шығыс қазақстандық Дарья Павлова, ал кейінгісінде қарағандылық Аиша Омарова жеңімпаз атанды. Ел чемпионаты 12 қарашаға дейін жалғасады.