Үстел теннисінен Қазақстан командасы Ресейде топ жарды

Үстел теннисінен Ресей командалық біріншілігінің алғашқы тур ойындары аяқталды.

Суперлигаға қатысып жатқан командалар арасында «Астана» клубы да бар. Сарвиноз Мирқадырова, Зауреш Ақашева, Анель Бахыт және Ангелина Романовская өнер көрсететін қазақстандық клуб сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жетті. Соның арқасында 15 ұпай жинап, тізімнің көш басына шықты. Екінші орынға 14 ұпаймен Қазан қаласының «Казаночка» командасы жайғасса, үздік үштікті өзбекстандық «Хван Ман-Гым» клубы түйіндеді. Ал ерлер арасында 12 команда бақ сынап жатыр. Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров және Эрик Райтерден өнер көрсететін «Қарағанды» клубы 9 ұпай жинап, жалпы есепте екінші сатыда келеді.

Хоккейден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

«Сарыарқа» мен «Торпедо» үздіктер қатарына қосылды. Елімізде хоккейден ішкі біріншілік жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні қарағандылық «Сарыарқа» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдап, айқын басымдықпен ұтты. Қортынды есеп: 5:1. Алаң иелері сапыннан Михаил Рахманов дубльдің авторы атанды. Ал өскемендік «Торпедо» сырт алаңда «Ертіс» командасымен жолыққан. Есеп 20-секундта ашылды. Павлодарлықтар сапынан Диас Атаханов мергендігімен көзге түсті. Бірақ алаң иелері бұл басымды сақтап қала алмады. Қортынды есеп: 2:4. Өскемендік клуб жеңіске жетті. Нәтижесінде Торпедо 19 ойыннан кейін 28 ұпай жинап, турнир тізімінің 2-сатысына жайғасты. Оны өкшелеп қарағандылық клуб келеді. Ұпай көрсеткіштері бірдей. Бірақ кейінгісі 2 ойын кем өткізді. Ал топ басында көкшетаулық «Арлан» тұр. Негізгі чемпионат ақпанның соңына дейін жалғасады.