Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтеді

12-14 қараша аралығында Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Олимпиада және Әлем чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтеді.

Ашылу салтанаты 12 қараша, сағат 10:00-де болады.

Бәсекенің мақсаты – елімізде грек-рим күресін насихаттау, Олимпиада және Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алу, есімін жаңғырту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жарысқа елімізбен қатар алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командалары қатысады деп жоспарланған (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан). 

Қатысушылар: 45 кг, 48 кг, 51 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг және 110 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жарыста I, II, III орын  алған  спортшылар  арнайы  медаль, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

I орын  -  300 000 тг;

II орын  -  200 000 тг;

III орын  -  100 000 тг;

Әр  салмақ  дәрежесі  бойынша  жеңімпаз  спортшының  жаттықтырушысына  – 100 000 тг.