Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте бес сатыға жоғарылады

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Герасименко жаңадан түзілген рейтингте 46-шы сатыдан 41-ші орынға көтерілді. 

Спортшының рейтингте жоғарылуына Словенияда өткен WTT Contender турниріндегі күміс медаль әсер еткен. 

Айта кетелік, Герасименко әлемдік рейтнигте ТОП-100 қатарына енген жалғыз қазақстандық теннисші.