Әзірбайжан командасы «Қайраттың» шабуылшысына 250 мың доллар жалақы ұсынған

Алматылық «Қайраттың» футболшысы Хосе Кантеге бакулік «Нефтчи» командасы қызығып отыр.

Әзірбайжан клубы 31 жастағы африкалық футболшыға жылына 250 000 доллар төлеуге әзір екенін жеткізген.

Осы маусымда Канте алматылық команда жейдесінде 22 матч өткізіп, тоғыз гол соғып, бес нәтижелі пас берген. Еурокубоктардағы ойындарда төрт доп соқты.