Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2022 жылға шегерілді

Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) директорлар кеңесі әйелдер арасындағы әлем чемпионатын 2022 жылға шегерді, деп хабарлайды Prosports.kz Ресей бокс федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Бұған дүниежүзіндегі эпидемиологиялық жағдай себеп болған.

Басында турнир 6-19 желтоқсан арасында Ыстамбұлда өтуі керек еді.

Еске салайық, өткен аптада Белградта ерлер арасында әлем чемпионаты аяқталды.