435,77 493.30 5,9
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасын құттықтады

  • 144
  • UPD: 11:29, 11.11.2021
Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасын құттықтады Sportbox

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен бокстан Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сонымен бірге ол командаға Азия ойындарында сәттілік тіледі.

«Сербиядағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен біздің қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді, бапкерлерді және Кеңес Хамитұлы бастаған федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Әрі қарайғы Азия ойындарына дайындықта сәттілік», – деп жазды Головкин твиттерде.

Хабар 24 телеарнасы