Қазақстандық кёрлингшілер тұңғыш рет халықаралық жарыста медаль жеңіп алды

Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан кёрлингтен Азия-Тынық мұхиты аймағы чемпионатының ширек финалдағы кездесулері аяқталды.

Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгті 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Енді Қазақстан құрамасының еншісінде кем дегенде қола медаль бар. Бұл кёрлингтен халықаралық бәсекелерде біздің спортшылар жеңіп алған алғашқы жүлде.