Головкин – Мурата жекпе-жегі ресми хабарланды

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпион Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері Риаота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жектің постерін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы отандасыммыз инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Жапониядағы үлкен драма. 29 желтоқсанда кездескенше», - деп жазды GGG.

Айта кетейік, екі боксшы ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейінгі шаршы алаңға шыққалы отыр. Головкин былтыр желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ, ал Мурата 2019 жылдың соңынан бері рингке шықпады.