434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Недовесов Братиславадағы турнирдің жартылай финалына өтті

  • 81
  • UPD: 10:24, 12.11.2021
Недовесов Братиславадағы турнирдің жартылай финалына өтті Prosports.kz

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге Братиславада (Словакия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Недовесов пен Молчанов испаниялық Серхиу Гомес пен үндістандық Рамкумар Раманатан жұбын жеңді.

1 сағат 9 минутқа созылған кездесу 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда олар Нараянасвами (Үндістан)/Дивиж Шаран (Үндістан) жұбымен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы