Хабибтің інісі Мәскеуде ұсталды. Спортшының өзі мәлімдеме жасады

Bellator файтері Усман Нурмагомедов Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хабиб Нурмагомедов полиция қызметкерін қағып кетті деген күдікке ілінді.

Усман досы Камал Идрисовпен бірге Махачкаладан Мәскеуге ұшу керек болған, алайда, әуежайға кіре берісте олар бақылау өткізу бекетіндегі полицейді қағып кеткенге ұқсайды.

Осыдан кейін Нурмагомедов досымен Мәскеуге ұшып кеткен, ал Шереметьевода оны полицейлер күтіп алды. 

Алайда Усманның өзі тұтқындалғаны жайлы қауесетке сенбеуге шақырды. 

«Кім не жазып жатқанын білмеймін, бірақ өтініш сабыр. Хабарлама үйіліп қалды. Бәрі дұрыс», – деп жазыпты ол Instagram желісінде.