Футболдан Қазақстан – Франция ойынына швециялық төрешілер тобы төрелік етеді

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Франция – Қазақстан кездесуіне төрелік ететін төрешілер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қос құраманың ойынында Гленн Нюберг бастаған Швеция төрешілер тобы қызмет атқарады.

Рефери: Гленн Нюберг;

Реферидің көмекшілері: Махбод Беиджи, Андреас Седерквист;

Төртінші рефери: Каспар Шеберг (барлығы – Швеция);

Реферидің видеокөмекшісі: Камфус Йохем;

Реферидің видеокөмекшісінің ассистенті: Сандер ван дер Эйк (екеуі де – Нидерланд).

Айта кетерлігі, Франция – Қазақстан кездесуі 13-інен 14 қарашаға қараған түні сағат 01:45-те «Парк де Пренсте» өтеді.