Ташкенттегі самбодан әлем чемпионатының алғашқы күні еліміз екі алтын алды

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жақтан самбодан әлем чемпионатының алғашқы күні қазақстандықтар қоржынға екі алтын салды.

Оның бірін 54 келіге дейінгілер арасында Гүлдана Әлмұханбетова жеңіп алды. Гүлдана финалдық бәсекеде Моңғолия өкілі Нехитбаатар Баярмамен жолығып, 3:2 есебімен ұтты.

Ал ерлер арасындағы сында жерлесіміз Жаңаниет Рахат тәжік спортшысы Хушкадам Хусравовтан 8:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, қос алтыннан бөлек Қазақстан құрамасы жиыны 4 медаль еншілеп, жарысты сәтті бастады. Бұған дейін 98 келідегілер арасында Мәди Райхан күмістен алқа тағынса, Болатбек Райымқұлов қоланы қанағат тұтты.