434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан бүгін Францияға қарсы ойнайды

  • 79
  • UPD: 14:00, 13.11.2021
Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан бүгін Францияға қарсы ойнайды

Қарашаның 13-інен 14-іне қараған түні футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы соңғы ойынын сырт алаңда Францияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын елорда уақытымен 01:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы екінші ойында қазақстандық футболшылар аталған қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары Франция, Украина, Босния және Герцеговина, Финляндия.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді. Қазақстан құрамасы бұған дейін жеті ойын өткізді. Үшеуінде тең нәтиже тіркеліп, төртеуінде қарсыластарына есе жіберді. Бұл топта алты ойыннан кейін 12 ұпай жинаған Франция көш басында келеді. Қазақстан жеті ойыннан кейін 3 ұпаймен бесінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы