435,77 493.30 5,9
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарын өткізуге арналған нысандардың құрылысы аяқталды

  • 106
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарын өткізуге арналған нысандардың құрылысы аяқталды

2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқа Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге арналған 12 жарыс нысанының құрылысы аяқталып, Лозаннада өткен Халықаралық олимпиада комитеті Атқарушы комитетінің отырысында халықаралық федерациялар тарапынан бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш бірдей Олимпиада қалашығы, басты медиа орталық, ұлттық стадион және басқа да нысандар пайдалануға берілді.

Спорттың мұз үстінде өтетін түрлеріне арналған нысандарда мұз құю, «Ойын бет-бейнесі» жоспарын әзірлеу жұмыстары аяқталған.

Тексеру жүргізіліп жатқанына қарамастан Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоуда өтіп жатқан тестік іс-шаралар мен жаттығулар барысында нысандардың барлығы жетілдіріле түсуде.

Өткен қазан айында ғана конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек сынды спорт түрлерінен халықаралық жарыстар ұйымдастырылған.

Қараша мен желтоқсан айларында шана спортынан, фристайл мен сноубордтан халықаралық жарыстар өтеді. Сонымен қатар хоккейден тестік жарыс ұйымдастырылады.

Бұған дейін 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының 4-20 ақпан аралығында, ал Паралимпиада ойындарының 4-13 наурыз аралығында өтетінін айтқан болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы