Отандық футбол сынның астында қалды

Отандық футбол сынның астында қалды

 

Масқара! Сорақы нәтиже! Отандық футболдың Еуропада несі бар? Танымал спорт журналисті Несіп Жүнісбай Франция-Қазақстан матчынан кейін осындай пікір білдірді.

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Еуропадан кетіп, қайтадан Азияға оралуды ұсынады. «Өзіміз Азияда жатырмыз,Ұлттық Олимпиадалық комитетіміз Азияға қарайды,ал футболымыз Еуропаға өтіп алған...Енді қайта оралып,әлем чемпионатына сол Конфедерациядан қол созғанымыз жөн» делінген әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында. Басқа да спорт сарапшылары мен қоғам қоғам белсенділері қазір отандық футболды сынның асына алып, оған жұмсалған миллиардттарды санауға кірісті. Ал Абат Айымбетовтың Эйфель мұнарасы жанындағы фотосы жанкүйерлердің ашуын одан сайын қоздырды. Ұлттық құрама мүшесі оны инстаграмдағы парақшасына жариялады.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасы Франция футболшыларымен кездесіп, 8:0 есебмен жеңіскеж жетті. Нәтижесінде, Талғат Байсуфинаов баптайтын жігіттер өз тобының ең соңғы сатысына жайғасты.    

МОРОЗОВА – ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

 

Морозова - әлем кубогының жүлдегері. Қазақстандық конькишілер олимпиада жолдамасына таласты бастады. Дәл қазір олар Польшада әлемдік аламанға қатысып жатыр. Жерлестеріміз арасынан ең алғаш болып Надежда Морозова жүлдеге ілікті. Ол 1500 метрлік бәсекеде үздік үштіті түйіндеді. 22 жастағы қазақстандық қыз аталған аралықты 1 минут 56.925 секундта бағындырды. Бірінші орын жапониялық Михо Такагиге бұйырса, АҚШ өкілі Боу Бриттани екінші орын алды. Тағы бір қазақстандық  Екатерина Айдова  В тобында өнер көрсеткен болатын. Ол 1500 метрді 1 минут 59.590 секундта жүріп өтіп, екінші сатыға тұрақтады. Бұл топта бірінші орын Канада, үшінші орын Чехия спортшыларына бұйырды. Алда әлі әлем кубогының бірнеше кезеңі бар. Қысқы ойындарға қатысатындардың нақты тізімі желтоқсанның ортасында белгілі болады.

БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Жолдамаға қатысты жоспар өзгерген жоқ. Тек хоккейден қыздар құрамасы ғана лицензиядан қағылды. Қалған спортшыларымыз жарысты жалғастырып жатыр. Бұл жөнінде бізге ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов мәлімдеді. Ол елордадағы Алау мұз сарайындада болып, шорт-трек шеберлерінің жаттығуын бақылады. Оның барысында әлемдік рейтінгтің көш басына шыққан Денис Никишаға арнайы сыйлық табыстады. Шорт-трек шеберлері бүгін әлем кубогына аттанады. Басқа спорт түрлерінен де лицензиялық жарыстар басталды.Қазірдің өзінде ұлттық құрама 38 лицензия жеңіп алды. Қысқы ойындарға дейін оның санын 95-ке жеткізу жоспарда бар. Бейжің олимпиадасы ақпанның 4-інде басталады. Оған 95 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

 

ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Сарыарқа топ басына шықты. Елімізде хоккейден ішкі біріншілік жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні қарағандылық «Сарыарқа» өз алаңында өскемендік Торпедоны қабылдады.  Алғашқы гол 30-шы секундта соғылды. Алаң иелері сапынан Степан Грымзин мергендігімен көзге түсті. Артынша «Сарыарқа» қарқынын күшейтіп, қарсыластар қақпасына тағы 4 шайба соқты. Қортынды есеп: 5:0. Осының арқасында қарағандылық клуб ұпай көрсеткішін 34-ке жеткізіп, турнир тізімінің бірінші сатысына жайғасты. Екінші орында көкшетаулық Арлан келеді. Ол 20 ойында 33 ұпай жинап үлгерді. Ал, ірі есеппен жеңілген «Торпедо» үздік үштікті түйіндеп тұр. Өскемендік клубта 31 ұпай. Айта кетейік, негізгі чемпионат ақпанның соңына дейін жалғасады. Одан кейін плей-офф басталады.