ПСЖ президенті Неймарды сатуды көздейді

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар 2021/2022 жылғы маусымының соңында клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Париж клубының президенті Нассер Әл-Хелаифи жазғы трансфер кезінде Неймарды сатуды көздеп отыр. ПСЖ басшысы бұл трансферден көп мөлшерде пайда таппақ.

Әл-Хелаифи бразилиялықтың трансфері жайлы бірқатар еуропалық клубпен байланысқа шыққаны хабарланды. Олардың арасында бірнеше АПЛ клубы және «Барселона» бар.

Айта кетейік, Неймар «Пари Сен-Жерменге» 2017 жылы «Барселонадан» ауысқан. Биылғы маусымда 29 жастағы шабуылшы Франция чемпионатында 8 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.