Шаңғышы Ксения Шалыгина Шығыс Еуропа кубогінің күміс жүлдегері атанды

Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Шығыс Еуропа кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында еркін стильде 10 км қашықтықты бағындыру бойынша өзара үздіктер анықталды. 

Аталған санат бойынша ресейлік Екатерина Смирнова топ жарды. Қазақстандық Ксения Шалыгина мәре сызығын екінші болып кесіп өтіп, күміс жүлдеге ие болды. 

Ресейлік Наталия Мекрюкова үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетерлігі, жарыс жолына барлығы 40 спортшы шықты.