Қазақстан футболшылары жолдастық кездесуде Тәжікстанды жеңді

Нұр-Сұлтанда өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Тәжікстанға қарсы ойнады, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бастапқы құрамдар төмендегідей болды:

Қазақстан: Шацкий, Қасым, Малый, Логвиненко, Астанов, Дарабаев, Тағыберген, Қуат, Васильев, Зайнутдинов, Щеткин;

Тәжікстан: Киргизбоев, Джурабоев А., Эргашев, Умарбоев, Давронов, Жалилов А., Рахимов, Бабоев, Панджшанбе, Джурабоев З., Жалилов М.

Матчтағы жалғыз допты Бактиер Зайнутдинов соқты. Он екінші минутта қонақтар қақпашысы өрескел қателікке бой алдырып, ЦСКА-ның футболшысының гол соғуына мүмкіндік жасап берді. 

Қалған уақытта тәжіктер таразы басын теңестіруге тырысып, бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, Талғат Байсуфинов командасының жолы болды. 

Осылайша Қазақстан құрамасы жылды жеңіспен аяқтады.

Қазақстан – Тәжікстан 1:0 (1:0)

Гол: Зайнутдинов 12 (1:0).