Каратэден әлем чемпионаты: Софья Берульцева қола жүлдеге таласады

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева әлемдік доданың үшінші орнына таласады. Ол Франция, Украина, Түркия, Финлянлия өкілдерін ұтып, жартылай финалда испаниялық Мария Гарсиямен 5:7 есебімен жол берді. Берульцеваның кіші финалдағы қарсыласы енді анықталады. 

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов төрт кездесуде жеңіске жетіп, ширек финалда египеттік қарсыласына жол берді. Әжіқановқа қола медальға аласу үшін екі кездесуде жеңіске жету қажет. 

84 келіге дейінгі салмақтағы Игорь Чихмарев бірінші кездесуде ұтылып, жарысты аяқтады. Ал 84 келіден жоғары салмақтағы Данияр Юлдашев бірінші кездесуінде италиялық қарсыласына жол берді. Ол қолаға таласу үшін төрт кездесуді жеңіспен аяқтауы тиіс.