Самбодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында он жүлде жеңіп алды

Ташкентте өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Он жүлде жеңіп алған қазақстандық спортшылар командалық есепте төртінші болды. Алғашқы үштікте Ресей, Өзбекстан және Беларусь.

Әйелдер арасында Гүлдана Әлмұханбетова 54 келі және ерлер арасында Рахат Жананиет 64 келі бойынша алтын жүлдеге ие болды.

Мади Райхан (98 келі), Ажар Салықова (65) және Ділдәш Күрішбаева (72) күміс еншіледі.

Болатбек Райымқұлов (58), Айдын Дартаев (79), Нұркен Домбаев (58), Әділбек Сейісов (64) және Умар Янковский (88) – қола жүлдегерлер.

Бұл жарысқа әлемнің 51 елі қатысты. Бұл турнир осы спорт түрін Халықаралық олимпиада комитеті мойындағаннан кейін өткен бірінші жарыс.