Месси жылдың ең үздік футболшысы атанды

«Пари Сен-Жермен» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Goal.com нұсқасы бойынша 2021 жылдың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24» Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беру портал оқырмандары арасында өтті. Бір қызығы, үздік ондыққа ПСЖ командасының үш бірдей футболшысы енген екен. 

Жылдың ең мықты он футболшысы:

1. Лионель Месси (ПСЖ, Аргентина)
2. Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед», Португалия)
3. Роберт Левандовски («Бавария», Польша)
4. Мохамед Салах («Ливерпуль», Мысыр)
5. Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция)
6. Эрлинг Холанд («Боруссия Дортмунд», Норвегия)
7. Карим Бензема («Реал», Франция)
8. Н'Голо Канте («Челси», Франция)
9. Кевин Де Брейне («Манчестер Сити», Бельгия)
10. Неймар (ПСЖ, Бразилия).