Каратэден әлем чемпионаты: төрт спортшымыз қола медальға таласады

Дубайда өтіп жатқан каратэден әлемм чемпионатында жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды деп жазады Olympic.kz.

Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақтағы Мөлдір Жаңбырбай мен 68 келіге дейінгі салмақтағы Софья Берульцева қола медальға таласады. 

Сондай-ақ, ердер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов әлемдік сында үздік үштікке енуге тырысады. 

Спортшылардың жекпе-жегі сенбі күніне жоспарланған.

Сондай-ақ...