Жәнібек Әлімханұлы мен Хассан Ндам Нжикам көз арбасты

20 қарашада Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық былғары қолғап шебері бұл жолы орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) өзара кім мықтыны анықтайды.

Баспасөз мәслихаты барысында Әлімханұлы мен Нжикам алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз түйістірді.

Сондай-ақ...