476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда асық атудан кубок басталды

  • 196
  • UPD: 11:38, 19.11.2021
Қарағандыда асық атудан кубок басталды

Қарағандыда Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ерлер арасында асық атудан, ал әйелдер арасында бес асықтан облыс кубогі басталды.

Өңірдегі 8 аудан мен 5 қаладан келген командалар екі күн бойы барын салады. Алғашқы айналымда спортшылар бес метр қашықтықтан асық шиырып, шеңберден шығаруға тырысты. Мергендері облыс құрамасына алынып, алдағы наурызда өтетін республикалық жарыста бағын сынамақшы.

Айта кету керек, Қарағанды командасы жуырда Павлодар қаласында өткен Қазақстан кубогінда бас жүлдені жеңіп алып, үш бірдей азамат спорт шебері атанған.

Амангелді Нұрмұханов, жарыстың бас төрешісі:

- Бұл іріктеу жарысы болып анықталған. Алла жазса, келесі жылы, 2022 жылы өтетін республикалық жарысқа дайындық. Осы жарыстың қорытындысы бойынша үздік ойыншыларды анықтап, Қарағанды облысының командасын жасақтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы