Шорт-тректен әлем кубогінде Ғалиахметов пен Никиша ширек финалға шықты

Дәл қазір Венгрияның Дебрецен қаласында шорт-тректен әлем кубогі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні іріктеу бәсекелері болды. 500 метрлік сында қазақстандық Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға шықты. Ал 1500 метрлік бәсекеде жерлестеріміздің жолы болмады. Жоғарыда айтқан Әділ Ғалиахметов пен Еркебұлан Шамұханов іріктеуді сәтті бастаған. Бірақ ширек финалда мәреге төртінші жетіп, жартылай финалға шыға алмады. Дәл осындай жағдай аралас эстфетадада қайталанды. Қазақстандық құрама ширек финалда 5-сатыға тұрақтады. Ал әрі қарай тек алдыңғы 2 команда өтеді. Әлем Кубогі 22 қарашаға дейін жалғасады. Одан кейін Голландияда тағы бір бәсеке бар. Осы кезеңдер қортындысы нәтижесі бойынша үздіктерге Бейжің Олимпиадасының жолдамалары таратылады.

Ашық чемпионат мәресіне жетті. Елорда төрінде мәнерлеп сырғанаудан балалар, жасөспірімдер және ересектер арасындағы жарыс болды. Бұған еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда, Теміртау, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Алматыдан қатысушылар жиналды. Бұған қоса әрине жергілікті спортшылар бар. Бас-аяғы 300-ге жуық үміткер 3 күн бойы сынға түсті. Нәтижесінде бірнеше жас деңгейі бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыстың басты ерекшелігі оны алғаш рет арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалады.

Айта кету керек, бұл ұзақ үзілістен кейін мәнерлеп сырғанау сайысы. Енді қалалық спорт басқармасы оны тұрақты өткізуді және басқа да қысқы спорт түрлерін санитарлық талаптарды сақтай отырып қайта жандандыруды жоспарлап отыр.