434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздары ел біріншілігіне қатыспайды

  • 104
  • UPD: 16:55, 19.11.2021
Бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздары ел біріншілігіне қатыспайды Vesti.kz

Бокстан әлем чемпмонатында жүлдеге ілініп, чемпион атанған былғары қолғап шеберлері Қазақстан чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бізге жеткен ақпарат бойынша, Қазақстан құрамасының бас Қайрат Сәтжанов Белградта бақтарын сынап, жүлдері орындарға ілінген және жеңіске жеткен боксшыларды Қазақстан чемпионатынан босату туралы шешім шығарған. Бұл боксшылардың барлығы да демалады. 

Еске салайық, Сербия жерінде Қазақстан құрамасы бес жүлде жеңді. Тарқатып айтсақ, Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов алтын алса, Махмұд Сабыржан мен Серік Теміржанов күміс, ал Абылайхан Жүсіпов қола жүлде иеленді. 

Ал бокстан Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өтуі керек. Қыздар арасындағы бәсеке 7 және 12 желтоқсан күндері өтсе, ерлер арасындағы ішкі біріншілік 14 және 24 желтоқсан болады. 

Хабар 24 телеарнасы