Қазақстан регбиден Азия чемпионатын жеңіліспен бастады

Біріккен Араб Әмірліктерінде регбиден Азия біріншілігі басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы алғашқы матчта жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бірінші кездесуде Қазақстан мен Жапония құрамалары кездесіп, 19:7 есебімен Күншығыс елінің өкілдері жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Қазақстан А тобында сынға түсіп жатыр. Бұл топта Таиланд пен Филиппин командалары да өнер көрсетеді.