«Барыс» хоккейшілері қатарынан төрт жеңілістен кейін «Северстальді» жеңді

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барыс» биылғы турнирді сәтсіз өткізіп жүр. Соңғы алты кездесудің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Салдарынан «Барыс» 24 ұпаймен турнир кестесінде 21-орында келеді.

Бүгінгі кездесуді елордалық хоккейшілер белсенді бастаған еді. Нәтижесінде 2-минутта Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарды. Бұдан кейін ресейлік хоккейшілер басымдығын арттырды.

«Северсталь» сапынан Илья Хохлов 11, Иван Емец 19-минуттарда мергендік танытты. Осылайша олар алға шықты.

Екінші кезеңнің 21-минутында қазақстандық Роман Старченко таразы басын теңестірді. Ал 24-минутта Максим Колмыков қайтадан «Северсталь» командасын алға шығарды.

«Барыс» ойыншысы Олле Альсинг 48-минутта тағы да таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 3:3 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда «Барыс» сапынан Кертис Волк жеңіс шайбасын соқты. Осылайша қатарынан төрт ойындағы сәтсіздіктен кейін елордалық клуб жеңіске жетті. Енді «Барыс» 23 қыркүйекте елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасын қабылдайды. Ал «Северсталь» сырт айдында «Витязь» (Подольск) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына есе жіберді.

Сондай-ақ...