Шорт-тректен әлем кубогі: Денис Никиша жарысты жетінші орынмен аяқтады

Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогінде қазақстандық спортшылар әзірге жүлдеге іліккен жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.

500 метрге жарысудан ең үздік нәтижені Денис Никиша тіркеді. Ол 7-орын иеленген. Осы қашықтықта Әділ Ғалиахметов 10-шы, Абзал Әжіғалиев 23-орын алды. 

1500 метрге жарысуда Әділ Ғалиахметов 23-ші, Еркебұлан Шамұханов 25-орыннан көрінді. 

Командалық эстафетада Қазақстан 9-орынды қанағат тұтқан. 

Әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден сынға түскен Яна Хан 41-ші, Алена Волковицкая 47-ші, Әсел Тайшыманова 50-орын алған. 

1500 метрге жарысудан Ольга Тихонова 25-ші, Мадина Жанбосынова 38-орынға табан тіреді.